Қазақстанның жалпы ішкі өнімі биыл 2,8 пайызға өсуі мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанның жалпы ішкі өнімі биыл 2,8 пайызға өсуі мүмкін

05.10.2022

Қазақстанның жалпы ішкі өнімі биыл 2,8 пайызға, келер жылы 4,4 пайызға өсуі мүмкін. Халықаралық валюта қорының Таяу шығыс және Орталық азия бойынша бөлім басшысы Николя Бланше осылай деп мәлімдеді. Дегенмен болжамның тура келуіне кейбір факторлар кері әсер етуі мүмкін. Әсіресе шикізат экспортына қатысты. Каспий құбыр консорциумындағы жағдай, елдегі кен орындарында қондырғылардың істен шығуы мұнай саудасы көлемінің азаюына алып келеді. Ал бұл жалпы ішкі өнімнің үлесін қысқартады дейді маман.

Николя Бланше, Халықаралық валюта қоры Таяу Шығыс және Орталық Азия бойынша бөлім басшысы:

Сонымен бірге халықаралық оқиғалар, жалпы әлемде болып жатқан саяси текетірес Қазақстан экономикасына әсер етпей қоймайды. Сондықтан қаржы секторына келетін қауіпті ескеріп, алдын ала әрекет еткен жөн. Орта мерзімді перспективада алдағы жылдары жалпы ішкі өнім 3,5% деңгейіне тұрақталады.

Ақерке Бектас

Хабарламаларға жазылу