Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одақ аясында тауар айналымы артты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одақ аясында тауар айналымы артты

25.04.2023

Еуразиялық экономикалық одақ аясында 174 тауар түрі СТ-1 үлгісіндегі сертификатпен сатылады. Бұл – тауардың шығарылған немесе өнімнің өндірілген жері туралы құжат. Бұдан былай тауарларға «еуразиялық» белгісі қойылады. Осыған дейін әр мекеме өнімді жөнелткен сайын 4 айлық есептік көрсеткіш көлемінде қаржы төлеуі қажет болатын. Енді барлық шектеулер алынып тасталады. Тізімде байланыс құралдары, медициналық жабдықтар, кеңсе тауарлары, дене шынықтыру және спортпен шұғылдануға арналған тауарлар бар. Былтыр Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің өзара тауар айналымы 33 пайызға ұлғайды.

Иа Малкина, ЕЭК ресми өкілі:

Бұл орайда Қазақстаннан Одақ елдеріне экспорты шамамен 35 пайызға өскен. Ең көп үлес көлік қызметтеріне тиесілі. Сонымен қатар, Армения мен Қазақстандағы қызметтердің басқа түрлерінің ішінде телекоммуникация, компьютерлік және ақпараттық қызметтерге сұраныс жоғары болды.

Индира Бегайдар


Хабарламаларға жазылу