Шахмат: Әлем чемпионы атағы үшін 11-партиясы тең аяқталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шахмат: Әлем чемпионы атағы үшін 11-партиясы тең аяқталды

24.04.2023

Астанада өтіп жатқан шахматтан он жетінші әлем чемпионы атағы үшін матчтың он бірінші партиясы тең аяқталды. Есеп: 6-5. Ресейлік гроссмейстер Ян Непомнящий бір ұпаймен алда келеді. Бұған дейінгі ойынның қорытындысы бойынша 11 партияның алтауы тең аяқталған. Қалған үшеуінде Непомнящий жеңсе, екеуінде қытайлық гроссмейстер Дин Лижэнь басым түскен. Дегенмен бұл ойында кім жеңіске жетсе де, ФИДЕ рейтингіне әсер етпейді. Өйткені Норвегиялық гроссмейстер Магнус Карлсенды басып озу қиын , дейді сарапшылар. Әзірге фоварит - Ян Непомнящий.

Олжас Меңғали, фиде нұсқаушысы:

Басымдық Ян Непомнящийге беріледі. Неге? Ол бір ұпай алда келе жатыр. Ол – біріншіден. Екіншіден, дайындығы мықтырақ екені көрініп тұр. Жетінші партиядан кейін Дин Лижэньнің дайындығы жалпақ жұртқа белгілі болып қалды.

Әлем чемпионы атағы үшін таласып жатқан шахматшылардың орындығы ыңғайлы болуы керек. Екеуіне де таңдау құқығы берілген. Лижэньге таңдауға алты орындық берілсе, Непомнящий өзі алып келген. Шахмат жанкүйерлері оның құны 5 мың доллардан жоғары деген болжам жасап отыр.

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу