Чехиямен ынтымақтастықтты арттыру жолдары талқыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Чехиямен ынтымақтастықтты арттыру жолдары талқыланды

24.04.2023

Бұдан соң, Чехия Премьер-Министрі Қазақстанның Үкімет басшысы Әлихан Смайыловпен кездесті. Екі ел арасындағы ынтымақ перспективаларын талқылаған олар энергетика, ауыл шаруашылығы, цифрландыру, білім беру салаларында бірлескен жобаларды ашуды қарастырды. Соңғы 15 жылда Қазақстанға Чехиядан 270 млн долларға жуық тікелей инвестиция тартылған. Өзара тауар айналымы өткен жылы 67%-ға артып, 423 млн. долларға жеткен. Қазақстан Чехия үшін Орталық Азия аймағындағы ең маңызды стратегиялық серіктес 

Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-Министрі:

Оң динамикаға қарасмастан біз тауар айналымын арттырудың бұдан да жоғары әлеуетін көріп отырмыз. Біз Чехияға шамамен 6 млн долларға 95 тауар позициясы бойынша Қазақстан өнімінің экспортын ұлғайтуға дайынбыз. Қазақстанда Чехия бизнесі үұшін қызығушылық тудыратын салалар жеткілікті.

Оңғар Алпысбайұлы


Хабарламаларға жазылу