Премьер-Министр Әлихан Смайылов Қырғызстан елшісі Дастан Дюшекеевпен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Премьер-Министр Әлихан Смайылов Қырғызстан елшісі Дастан Дюшекеевпен кездесті

15.04.2022

Премьер-Министр Әлихан Смайылов Қырғызстан елшісі Дастан Дюшекеевпен кездесті. Тараптар сауда, инвестиция, транзит және көлік, сондай-ақ су-энергетика саласын талқылады. Бүгінде екі елдің арасындағы тауар айналымның көлемі 1 млрд долларға жеткен. Енді осы көрсеткішті екі есе көбейту көзделіп отыр. Кездесуде тауар түрлерін арттыру, индустриялық сауда-логистикалық кешендер құру мәселесі сөз болды. Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолдары да талқыланды. 

Берік Көшербай

Хабарламаларға жазылу