Президент Чехия премьер-министрін қабылдады
Мемлекет басшысы Чехия Премьер-министрі Петр Фиаланы қабылдады. Ол Қазақстанға ресми сапармен алғаш рет келді. Қасым-Жомарт Тоқаев бұл сапар екіжақты қатынастарды нығайтуға ықпал етеріне сенім білдірді. Кездесуде сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақты, көлік-логистика саласын нығайту жайына баса мән берілді. Президент чех инвесторларына жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді. Өзара ынтымақты одан әрі дамытуға ниетті екенін Петр Фиала да растады.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Сіз елімізге үлкен бизнес-делегация алып келдіңіз. Екі ел арасындағы іскерлік байланыстар мен ынтымақтастықты ілгерілетуге пайдасы өте зор бизнес форум өтеді. Чехия Республикасынан энергетика, машина жасау, көлік, ауыл шаруашылығы, қаржы, медицина өнеркәсібі және фармацевтика секілді экономиканың түрлі салаларына құйылатын инвестицияны құптаймыз. Сондай-ақ елдеріміздің астаналары арасында тікелей әуе қатынасын ашамыз деп сенеміз.
Петр Фиала, Чехия Республикасының премьер-министрі:
Чехия Республикасы Қазақстанмен бұрыннан достық қарым-қатынас орнатқан және оны жалғастырамыз деп сенеміз. Осы кездесуіміз белсенді байланыстарға тың серпін береді деп үміттенемін. Қазақстан – біз үшін өте маңызды серіктес. Қазақстан мен Чехия Республикасының ынтымақтастығы Еуропалық Одақ пен Орталық Азия елдері арасындағы қарым-қатынастардың аса маңызды тірегінің бірі саналады.
Асима Нұрбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жауынгерлер жерленген зират тазартылды
30.04.2026, 20:59
Жеңіс күніне орай жүгіруден марафон ұйымдастырылды
30.04.2026, 20:57
Түркияда Орта дәлізді дамыту туралы жиын өтті
30.04.2026, 20:55
Астанада 3000 оқушы бір мезетте «Ақ көгершін» әнін шырқады
30.04.2026, 20:53
E-Otinish платформасын күніне 30 мың адам пайдаланады
30.04.2026, 20:14
«Әділет» партиясы ресми цифрлық платформасын іске қосты
30.04.2026, 20:12
Асфальт-бетон зауыттары өндірісті ұлғайтты
30.04.2026, 20:09
Жыл соңына дейін Байқоңыр ауданындағы аулалар 100% жаңартылады
30.04.2026, 20:06