Еуропада тұратын қазақстандықтар Ораза айт мерекесін атап өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еуропада тұратын қазақстандықтар Ораза айт мерекесін атап өтті

22.04.2023

Бельгия мен Люксемургта тұратын қазақстандықтар Брюссельде бас қосып, Ораза айт мерекесін атап өтті. Шараға корольдікте білім алып немесе жұмыс бабымен тұрып жатқан отандастарымыз бен жергілікті қазақ диаспорасының өкілдері қатысты. Түрлі салада жетістікке жетіп жүрген қазақстандықтар елдің дамуына бағытталған ой-жоспарларын ортаға салды. Ұлттық тағамдардан дәм татты. Сондай-ақ, жерлестеріміз мақал-мәтел айтудан, арқан тарту мен қол күрестен өзара бәсекеге түсіп, ұлттық әндерді қосыла шырқады.

Жанар Қоныс, Бельгиядағы қазақ диаспорасының өкілі: 

Шетелде жүрген қазақтарға осындай мерекелер өте маңызды. Өйткені, бұл бізді тамырымызға, ұлтымыздың тарихына, мәдениетіне жақындастырады. Айт қабыл болсын! 

Нұрсұлу Қасым

                                                         


Хабарламаларға жазылу