Қазақстандықтар әлем құрамасынан шахмат ойынынан жеңілді
Шахматтан қазақстан қыздар құрамасы мен әлем құрамасы арасындағы халықаралық матч аяқталды. FIDE өкілдерінен Бибісара Асаубаева, Жансая Әбдумәлік пен Динара Сәдуақасова бастаған қыздар жеңіліп қалды. Рапид және блиц түрлерінен өткен ойынның есебі 73-55. Жалпы, әйелдер арасындағы командалық матчтың жүлде қоры 50 мың доллар.
Жансая Әбдімәлік, шахматшы:
Қарсыластар өте мықты. Біз барынша күрестік, жеңіске жетуге бар күшімізді салдық. Өкінішке қарай, қолымыздан келмеді. Мен бүгінгі ойындағы 8-партияда да жеңіске жеттім. Бір айдан соң Америкада өтетін әйелдер арасындағы топ турнирге қатысуды жоспарлап отырмын. Әзірге демаламын.
FIDE-нің нөмірі бірінші шахматшысы, 4 дүркін әлем чемпионы қытайлық Хоу Ифаньды қазақстандық шахматшылар бірнеше рет жеңіп, сенсация жасады. Хоу жеңілісі мен қарсыластарына қатысты пікір білдірді.
Хоу Ифань, шахматшы:
Мен бұл ойында бірнеше рет жеңілдім. Уақыт бойынша бірнеше рет қателік жібердім. Команда жеңсе де, өз ойыным көңілімнен шықпады. Қазақстандық қыздар жарады, бәрі шетінен тәжірибелі.
Асылбек Данияр
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мұнай бағасы шілдеден бері алғаш рет 100 доллардан асты
09.09.2026, 20:18
АҚШ пен Иран бір-бірінің кемелеріне соққы берді
09.09.2026, 20:17
Мемлекетке қайтарылған активтер есебінен салынған балабақша бүлдіршіндерге толы
09.09.2026, 20:15
Қарағанды облысында ұлттық жоба аясында 92 медициналық нысан қолданысқа берілді
09.09.2026, 20:15
ДСМ фастфуд пен энергетикалық сусын жарнамасына шектеу қоюды ұсынды
09.09.2026, 20:14
Мектептерде ас мәзірі жаңартылды
09.09.2026, 20:13
Қайтарылған активтер ел игілігіне жұмсалуда
09.09.2026, 20:12
Президент кітабы ел ішінде талқыланып жатыр
09.09.2026, 20:10