ШҚО-да «Риддер ЖЭО» жұмысын толық тоқтатты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ШҚО-да «Риддер ЖЭО» жұмысын толық тоқтатты

10.05.2023

Шығыс Қазақстан облысындағы Риддер қаласында бүгіннен бастап жылу электр орталығы жұмысын толық тоқатты. Ал шаһарда жылыту маусымы мымырдың үшінде аяқталған. Енді қалада ала жаздай ыстық су болмайды. Бұл туралы «Риддер жылуэлектрорталығының» вице-президенті Кирилл Голто хабарлады. Ол мұндай қадамға мәжбүрліктен барып отырғанын айтады. Өйткені стратегиялық нысанға жөндеу жұмысын ерте бастамаса тұрғындар келер қыста да биылғыдай жылусыз қалуы мүмкін.Қазір жөндеу жұмысының жобасын жасауды бастаған. Жалпы қалада техногендік сипаттағы төтенше жағдай былтыр наурыз айында жарияланған болатын. Содан бері әлі алынған жоқ.

Олжас Керейхан

Хабарламаларға жазылу