ШҚО-да төтенше жағдай жарияланды
Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласында жергілікті деңгейдегі төтенше жағдай жарияланды. Ол шаһардағы жылу энергия орталығының жұмысымен байланысты. Қыс басталғалы станция 67 рет тоқтап қалған. Бірнеше күн бұрын 4 және 5 жоғары қысымды қазандықтарда өрт шыққан. Сондай-ақ, көмір шаңы тұтанып жарылыс болған. Бас прокуратура жүргізген тексерулер кезінде Риддер жылу энергия орталығының техникалық жағдайы қанағаттанарлықсыз екендігі белгілі болып, 240 заң бұзушылық анықталды. 548 миллион теңгенің жоспардан тыс шығындалғаны белгілі болды. Нәтижесінде 11 млн теңге айыппұл салынған. Ақауларды жою бойынша ескертулер жасалған.
Ержан Жақып
Автор
Ержан Жақып
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мәдени мұраны бірге сақтайық» республикалық акциясы басталды
18.04.2026, 20:05
Қызылордада инновациялық жобалар байқауы өтті
18.04.2026, 20:05
«Таза Қазақстан» акциясы аясында әке мен бала ағаш отырғызды
18.04.2026, 20:04
«Mamma Mia!» музыкалық спектаклі өтті
18.04.2026, 20:04
Ақтауда «Тегін заң көмегі» акциясы өтті
18.04.2026, 20:04
Қажылық сапар ұйымдастырамын деп 7,4 млн теңгені жымқырған ер адам сотталды
18.04.2026, 20:04
Ормұз бұғазы қайта жабылды
18.04.2026, 20:04
Трамп НАТО-ны сынға алды
18.04.2026, 20:04