Риддер жылыту орталығында жөндеу жұмыстары толық аяқталған жоқ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Риддер жылыту орталығында жөндеу жұмыстары толық аяқталған жоқ

03.10.2023

Риддер жылыту орталығында кеше іске қосылған қос қазандық қайта тоқтады. Қала әкімі бұл ешқандай апаттық жағдай емес екенін айтады. Станциядағы жөндеу жұмыстары әлі аяқталған жоқ. Жылу құбырлары тексеріліп жатыр. Сондықтан техникалық талап бойынша қазандықтар алма-кезек қосылуда. Өйткені бұған дейін жөнделген қазандықтар дұрыс іске қосылғанша жүйені салқындатып отырады. Осы аралықта қалаға ыстық су да толық берілмейді. Мамандар қайта жаңартылған жылу жүйесін толық іске қосу, ұзақ әрі күрделі жұмыс екенін айтады.

Хабарламаларға жазылу