Екібастұздағы жағдай: Жылу әлі берілген жоқ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Екібастұздағы жағдай: Жылу әлі берілген жоқ

29.11.2022

Екібастұз қаласындағы көп қабатты 17 үй мен 5 әлеуметтік нысанға жылу әлі берілген жоқ. Жөндеу жұмыстары магистралдің негізгі ақау шыққан жерінде жүріп жатыр. Күрделі торап болғандықтан, бұл жердегі құбырлар тұтас күйінде ауыстырылады. 140 адам мен 30-дан аса техника тәулік бойы тоқтаусыз жұмыс істеп жатыр. Стратегиялық нысан басшылығы Екібастұз қаласын жылусыз қалдырған ақау желіде пайда болды, соның салдарынан қазандықтар жұмысын тоқтатты деп мәлімдеген болатын. Ал стансада тексеруді бастаған өкілетті орган кәсіпорында да ақау болғанын анықтады.

Сұңғат Есімханов, Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің төрағасы:

Жалпы жылу электр орталығында технологиялық ақау болған. Салдарынан қазандықтардың біреуі тесіліп, тоқап қалды. Соған байланысты біз тексеру жүргізіп жатырмыз. Бұл жөнінде кәсіпорын басшылығын ресми түрде ескерттік. Алдағы 10 күн ішінде нәтижесін жариялаймыз.

Болат Аманбаев

Хабарламаларға жазылу