Ангела Меркель «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ангела Меркель «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды

18.04.2023

Германияның бұрынғы канцлері Ангела Меркель «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды. Ел Президенті оған ең жоғары орденді ерекше жетістіктері үшін табыстап отыр. Мұндай белгі осыған дейін Германияның соғыстан кейінгі бірінші канцлері Конрад АденАуэр мен екі Германияны біріктіру сәулетшісі Гельмут Кольге берілген екен.

Меркель неміс үкіметін 16 жыл басқарып, 2021 жылы желтоқсанда отставкаға кетті. Саясаттағы табыстары үшін ол күйеуі мен отбасына алғыс білдірді.

Ангела Меркель Германияны жаһандық қаржы дағдарысынан, еуроаймақтағы қарыз дағдарысынан және COVID-19 пандемиясынан аман алып шыққаны үшін үлкен құрметке бөленді. Дегенмен, былтыр ол Ресейдің Украинаға әскер кіргізуіне қатысты ұстанымы, 2015 жылы босқындарға ел шекарасын ашқаны және атом электр станцияларын кезең-кезеңімен жабу туралы шешімі үшін сынға ұшырағаны белгілі.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу