«Қазақстан» телерадиокорпорациясының қызметкерлері марапатталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан» телерадиокорпорациясының қызметкерлері марапатталды

15.12.2021
«Қазақстан» телерадиокорпорациясының қызметкерлері марапатталды

«Қазақстан» телерадиокорпорациясының Басқарма төрайымы Ләззат Танысбай Қазақ радиосы мен «Qazaqstan» телеарнасының қызметкерлеріне ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай мемлекеттік марапаттар табыстады.


Радиожүргізушілер Қойшықұл Мұстафаұлы «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағымен, «Қазақ радиолары» ЖШС Алматы студиясының жетекшісі Бақыт Жағыпарұлы «Құрмет» орденімен, дыбыс режиссері Жадыра Қожағұлова, радиожүргізушілер Мейрамгүл Нығметова, Гүлбану Мұхтарқұлова «Ерен еңбегі үшін» медалімен, радиожүргізушілер Гүлім Зұлхарнаева, Мұхтар Тұртаев, «Астана» радиоарнасының директоры Сымбат Танашева «Құрмет» грамотасымен, Үйлестіру қызметінің медиабағдарламашысы Назгүл Туйтанова, Дизайн орталығының арт директоры Әнуар Жомарт, радиожүргізуші Әлия Шермағамбетова «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалімен марапатталды.


Радио ардагері Кеңесбай Әбеновке «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісі табысталды.

«Qazaqstan» ҰТА тілшілер қосынының шеф-редакторы Нұргүл Ахметова, телеоператор Руслан Әбілдаев «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісімен, Алматы қалалық филиалдың 1 санаттағы продюсері Гүлжан Орынбаева ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің  «Құрмет»  грамотасымен, тележүргізуші Ирина Тен «Шапағат» медалімен марапатталды.


Қазақстан Ақпарат саласының үздігі «Qazaqstan Тәуелсіздігінің 30 жылдығ

Хабарламаларға жазылу