Заңсыз әкелінген дәрі-дәрмек тәркіленді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Заңсыз әкелінген дәрі-дәрмек тәркіленді

13.04.2023

Алматы кеденінде Үндістаннан заңсыз әкелінген дәрі-дәрмектің көлемді партиясы тәркіленді. Заңсыз пайда тапқысы келгендер «Тағамға биологиялық белсенді қоспа» деген атпен таза салмағы 356 келі немесе 54 мың түйір дәріні елге кіргізуге тырысқан.

Алматы қаласы мемлекеттік кірістер департаментінің ақпараты бойынша, контрабандалық тауар биологиялық қоспа емес, дәрілік зат екені және терапевтік мақсаттарда пайдалануға арналғаны анықталды. Ол дозаланған формада бөлшек саудаға арналып оралған. 

Дәрі-дәрмектің кедендік құны - 43 миллион теңге. Ал бюджетке 5 миллион теңгеден аса шығын келген. «Экономикалық контрабанда» заңбұзушылық белгілері болғандықтан, іс Алматы қаласы бойынша экономикалық тергеу департаментіне жіберілді.

 Жазира Оразқызы


Хабарламаларға жазылу