Атырауда косметологиялық клиника тапшы дәрі-дәрмекті заңсыз сатқан

07.07.2020

Атырауда косметологиялық клиника тапшы дәрі-дәрмекті заңсыз сатқан

Атыраулы облыстық Полиция департаментінің қызметкерлері арнайы рейд кезінде өңірде тапшы дәрі-дәрмекті заңсыз сатқан ұйымды анықтады.

Онда препараттар нарықтағы бағадан үш есе қымбатқа сатылған.

Тексеру барысында косметологиялық клиникадан 30 қораптан астам дәрі-дәрмек табылды. Қазір аталған факті бойынша тергеу жүріп жатыр.

Жалпы, Ішкі істер министрлігі тұрғындарды дәрі-дәрмектерді заңсыз сату дерегі анықталған жағдайда жақын жердегі аумақтық полиция бөлімшелеріне немесе 102 телефоны арқылы хабарлауға шақырады.


Хабарламаларға жазылу