7,4 млн медициналық маска заңсыз сатылған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

7,4 млн медициналық маска заңсыз сатылған

04.08.2020

Бір ай көлемінде дәрі-дәрмек пен медициналық өнімдерді заңсыз саудалау бойынша 869 дерек тіркелді. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады. Көпшілігі бағаны заңсыз көтерген және өнімдерді тиісті лицензиясыз сатқан. Бөтен тауар белгісімен медициналық өнім өндірген алматылық үш азаматқа қатысты қылмыстық іс қозғалды. 60 мың дана дәрі-дәрмек тәркіленді.

Ал елордада дәріхана әкімшілігі препараттар мен гигиеналық қорғаныс құралдарын ашық саудадан алып тастап, жертөледе жасырын сатқан. Ел бойынша 7,4 млн медициналық масканы заңсыз сату дерегімен қылмыстық іс қозғалды.

Қостанай және Қызылорда облысы денсаулық сақтау басқармасы қызметкерлеріне қатысты тергеу жүріп жатыр. Олар өкпені жасанды желдету құралдарын қымбат бағаға сатып алған. Полицейлер препарат бағасын көтеру, емханалардан дәрі ұрлау және гумманитарлық көмекті сатудың алдын алу бойынша кешенді жұмыстар жүргізіп жатыр.


Хабарламаларға жазылу