Оңтүстік Кореяда орман өрті өршіп барады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оңтүстік Кореяда орман өрті өршіп барады

11.04.2023

Бұл-Оңтүстік Кореяда тұтанған ауқымды орман өрті. Қызыл жалынның жылдам тарауына күшті жел мен құрғақ ауа-райы себеп болып отыр. Тілсіз жау ел астанасы Сеулден шығысқа қарай 170 шақырымдай аумақта тіркелген. Өртті сөндіруге 570-тен аса маман, 6 тікұшақ пен 40-тан аса техника жұмылдырылды. Тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілген. Ауа-райын бақылаушылар желдің екпіні күшеюі мүмкін екенін ескертіп отыр.

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу