АҚШ Киевке 2 млрд доллардың әскери көмегін береді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ Киевке 2 млрд доллардың әскери көмегін береді

01.02.2023

Америка Құрама Штаттары Украина үшін тағы 2 миллиард доллардың әскери көмегін әзірлеп жатыр. Мұны «Рейтер» агенттігі хабарлады. Оның дерегінше, жаңа пакетке 150 шақырымға жететін зымырандар, оқ-дәрілер және өзге де қару кіреді.

Майдандағы жағдайға тоқталсақ, қазір негізгі шайқас Донецк облысының Бахмут, Авдеевка қалалары үшін жүріп жатыр. Бұған дейін Ресей армиясы Благодатное ауылын басып алып, Бахмуттың солтүстігінен 5 шақырым жердегі негізгі жолдардың біріне жеткенін хабарлаған еді. Алайда, Украина әскери қолбасшылығы бұл ақпаратқа қатысты әзірге мәлімдеме жасаған жоқ.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу