Украинаның Бахмут қаласы үшін шайқас жалғасып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Украинаның Бахмут қаласы үшін шайқас жалғасып жатыр

13.02.2023

Украинаның Бахмут қаласы үшін шайқас жалғасып жатыр.

BBC-дің дерегіне сай, мұнда Ресей күштері жергілікті әскерді ығыстырып, бірте-бірте басымдық танытып келеді. Бұл ақпаратқа қарағанда, Мәскеу қалаға апаратын екі негізгі жолды бақылауға алған.

Енді олар Украина әскеріне құрал-жабдық жеткізетін тар жолды басып алуға тырысып жатыр. Бахмут қорғаушылары артқа шегінсе, бұл Ресейге Донецк облысының Краматорск және Славянск қалаларына шабуыл бастауға жол ашады. Осы BBC-дің дерегіне сай, Бахмутта қазір сусыз, жарықсыз қалған 5 мыңдай бейбіт тұрғын бар. Олардың көбі - қариялар.

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу