Ұлыбритания короліне тәж кигізу рәсімі мамырда өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлыбритания короліне тәж кигізу рәсімі мамырда өтеді

10.04.2023

Ұлыбритания королі Чарльз үшіншіге тәж кигізу рәсімі мамырда өтеді. Букингем сарайы оның кейбір детальдарын жариялап та жатыр. Солардың бірі - алтын пәуеске. Король және оның жұбайы Камилла маңызды шара өтетін Вестминстер аббаттығына осы алтын арбамен барады. Ол Елизавета патшайымның тақта отырғанына 60 жыл толуына орай жасалған еді. Ал қайтарда корольдік жұп 200 жылдық тарихы бар дәстүрлі пәуескеге отырады. 74 жастағы Чарльзге тәж кигізу рәсімі Лондонда 2 мың адамның қатысуымен 6 мамыр күні өтеді. Іс-шараға Бельгия, Венгрия, Ирландия, Испания, Монако мен Франция тәрізді бірқатар мемлекет басшылары мен өзге де лауазым иелері шақырылған.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу