Астанада «ТӘЖ» қаламгерлер клубының тұсаукесері өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада «ТӘЖ» қаламгерлер клубының тұсаукесері өтті

18.09.2014
Астанада «ТӘЖ» қаламгерлер клубының тұсаукесері өтті

Кеше Астана қаласында ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы жанынан құрылған «ТӘЖ» (Тәуелсіздік. Әдебиет. Жастар) қаламгерлер клубының тұсаукесер рәсімі өтті, деп хабарлайды adebiportal.kz сайты.

Басқосуға елордалық қаламгерлермен қатар оқырмандар, кітапхана қызметкерлері қатысты.

Клубтың мақсаты – қаламгерлер мен оқырмандар арасында алтын көпір болу, жас қаламгерлердің шығармашылығын насихаттау, әдеби-мәдени интеллигенцияның басын қосатын орталыққа айналдыру. Кулбтың жетекшісі, ақын - Ерлан Жүніс.

Сондай-ақ, кеште «ТӘЖ» қаламгерлер клубының мүшелері мен жас толқын қаламгерлер жүрекжарды жырларын көпшілікке ұсынды. 

Суреттер adebiportal.kz сайтынан алынды

Хабарламаларға жазылу