Стамбулда Түркия қазақтарының ІІ құрылтайы өтті. Түрік елінің төрт бұрышынан және Британия мен Франциядан келген қандастарымыз бас қосып, келелі кеңес өткізді.
Жиында шетте жүрген қазақтар тіл мәселесіне қатты алаңдап отырғандарын айтты.
«Түркияда қазақ тілін оқытатын орталықтардың жоқтығынан жастар ана тілін ұмытып барады. Сондықтан, шетте жүрген әрбір қазақ оқуы тиіс деген кітаптарды латын әліпбиінде шығару керек», дейді олар.
Осы ойларын жүзеге асыру үшін түркиялық қазақтар еліміздің Мәдениет және спорт министрлігі мен Білім және ғылым минстрлігіне ұсыныс жасамақшы.
Құрылтайдың соңында қандастарымыз арнайы ұйымдастырылған концертте бас қосты. Қазақстаннан келген әншілер мен айтыскер ақындар түркиялық қазақтарға ерекше кеш сыйлады.
Бақытжан ОМАР