Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымын 75 жылдық мерейтоймен құттықтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымын 75 жылдық мерейтоймен құттықтады

07.04.2023

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 75 жылдық мерейтойымен құттықтады. Және де мемлекет басшысы оның әлем халықтарының денсаулығын жақсартуға бағытталған тынымсыз күш-жігеріне Қазақстанның қошемет білдіретінін атап өтті. Бұл агенттік 1948 жылы құрылды. 

Біріккен Ұлттар Ұйымы халықаралық автономиялық денсаулық сақтау ұйымы туралы құжатты 1945 жылы сәуірдің 7-сі күні мақұлдаған екен. Арада үш жыл өткенде, яғни, 1948-дің көктемінде, дәл осы күні, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы құрылды. Оның алғашқы кездесуі сол жылы шілденің 24-де өтті.

75-жылдық тарихында бұл агенттік қоғамдық денсаулық сақтау саласында маңызды рөл атқарды. Солардың ішінде шешек ауруын жою және «Эболаға» қарсы вакцина әзірлеу тәрізді жетістіктер бар.

Кейінгі жылдары Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирусқа қарсы вакциналарды жаһандық ауқымда қолжетімді ету схемасын жасауда негізгі ойыншыға айналды. Осының нәтижесінде ковидтке қарсы екпелер табысы төмен және орташа елдерге көптеп жетті.

Бүгінде бұл мамандандырылған халықаралық органды эфиопиялық Тедрос Адханом Гебрейесус басқарады. Штаб-пәтері Женевада орналасқан Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына әлемнің 194 елі мүше. Сонымен қатар, қазір жер жүзінде бұл ұйымның 150 кеңсесі мен бөлімшелері жұмыс істеп тұр.

Тағы бірі айта кететін жайт – сәуірдің 7-де Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының құрылған күнімен бірге Әлемдік денсаулық күні де аталып өтеді.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу