Британиядан баспана сұраған 500 мигрантты баржаларға орналастырады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Британиядан баспана сұраған 500 мигрантты баржаларға орналастырады

06.04.2023

Британ үкіметі елден баспана сұраған 500 мигрантты баржаларға орналастыратынын растады. Олар Dorset графтығы жағалауындағы жүк кемесінің арнайы жабдықталған бөлмелерінде тұрады. Босқындарға жәрдесумен айналысатын бастамашыл топтар мен қайырымдылық ұйымдары бұл шешімді қатаң сынға алды. Яғни олар мигранттарды осындай қолайсыз орындарға қамауды қатыгездік деп есептейді. Ал, елдің ішкі істер министрлігі баржа қонақ үйге қарағанда әлдеқайда арзанға түседі деп отыр. Премьер-министр Риши Сунак болса, келесі жылғы сайлау қарсаңында заңсыз көші-қонды жоюды өзінің басты мақсаттарының біріне айналдырған сыңайлы.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу