Францияда 2017 жылы баспана сұраған босқындар 17 пайызға өсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Францияда 2017 жылы баспана сұраған босқындар 17 пайызға өсті

09.01.2018

Былтыр Франциядан баспана сұраған босқындар саны рекордттық дәрежеге жетті. «Reuters» агенттігінің хабарлауынша, бұл елде тұрақтағысы келгендердің көбі  - албаниялықтар. Сондай-ақ, мұнда Сирия мен Ауғанстан азаматтары да көптеп кездеседі. Айта кетсек, Еуропада екі жыл бұрын мигранттар көшіне байланысты дағдарыс басталған-ды. Сондықтан, Францияда иммиграция негізгі саяси проблемаға айналып отыр.

Елдегі босқындар өкілдігінің жетекшісі Паскаль Брайстың мәлімдеуінше, 2017 жылы баспана сұрағандар 17 пайызға өскен. Кейбір деректерге қарағанда, шынайы көрсеткіштер бұдан да көп болуы мүмкін.

Ал, Германияға қыркүйекке дейін 140 мыңдай мигрант барыпты.

 

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу