Елімізде кәсіпкерлердің ортақ реестрі жасалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде кәсіпкерлердің ортақ реестрі жасалды

30.05.2016
Елімізде  кәсіпкерлердің ортақ реестрі жасалды
Елімізде заңды түрде жұмыс істеп жатқан кез келген кәсіпкер туралы толық мәліметтер бір жерге топтастырылды.

Бизнес-реестр порталында бизнес субъектісімен байланысу деректері, лицензиялары мен рұқсатнамалары, қызметі немесе тауары туралы ақпараттар топтастырылады.

Кәсіпкер порталға тіркеліп, өзі туралы мәліметті өзі орналастырады. Ал, тұтынушылар есік жағаламай-ақ, қажетті деректі бір жерден жинап ала алады.

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу