Шымкентте әсем қызғалдақтар бүр жарды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте әсем қызғалдақтар бүр жарды

06.04.2023

Шымкент қаласының төңірегіндегі қыраттар қызғалдаққа толды. Көкорай көктемнің жаршысындай болған жауқазын гүлдердің Қызыл кітапқа енген Грейг тұқымы қазір қып-қызыл шоқтай боп, төңіректі құлпыртып тұр. Айналаны әсем кейіпке бөлеген гүлдер небәрі екі апта ғана бүр жарып, гүлдейді. Айта кетейік, Қазақстанда қызғалдақтың 35 түрі өседі.

Ғани Қалмаханов

Хабарламаларға жазылу