Ресейде сібір жарасы тіркелді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейде сібір жарасы тіркелді

06.04.2023

Ресейде Сібір жарасын жұқтырған бірнеше адам тіркелді. Алғашында Чувашияда бір отбасыдан жұқпалы ауру анықталып, 130 адам карантинге жатқызылды. Соңғы күндері Мәскеу облысында екі тұрғыннан қауіпті инфекцияның белгілері байқалған. Ауру фактісі анықталғаннан кейін тергеу комитетінде іс қозғалып, ветеринариялық заңнаманы бұзғандар анықталуда. Індет адамнан адамға жұқпайды, бірақ жаунарлардан жұқтыру қаупі жоғары. Сондықтан тұтынатын етті мұқият тексерістен өткізген жөн дейді мамандар.

Геннадий Онищенко, дәрігер-инфекционист:

Сібір жарасы инфекциясы адамдардың немқұрайлылығынан ушықты. Чувашия тұрғындары инфекцияны жұқтырған. Бұқаны сойып, етін сатқан. Осылайша түгел көршісін жұқтырған. Салдарынан індет таралды. Аймақта карантин жарияланды.

Индира Бегайдар

Хабарламаларға жазылу