Бүгін Финляндия НАТО-ға ресми түрде өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін Финляндия НАТО-ға ресми түрде өтеді

04.04.2023

Бүгін Финляндия НАТО-ға ресми түрде өтеді. Сол үшін скандинавиялық елдің президенті Саули Нинисто Брюссельге аттанып, салтанатты шараға қатыспақшы. Солтүстік атлантикалық альянстың штаб-пәтеріне фин туын тігеді. Бұл мемлекет ондаған жылдар бойы ешқандай әскери одаққа қосылмау саясатын ұстанды. Алайда Ресей мен Украина арасындағы жағдай Финляндия мен Швецияның НАТО құрамына өтуге өтініш беруге мәжбүр еткен сияқты. Финляндияның Ресеймен арадағы шекарасының ұзындығы 1300 шақырым. Бұл елдің НАТО ұйымына енетіні белгілі болғаннан кейін Ресей өзінің батыстағы және солтүстік-батыстағы әскерін күшейтетінін ескертті.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу