Қостанай облысында арнасынан асқан өзен суы үйлерге кірді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанай облысында арнасынан асқан өзен суы үйлерге кірді

04.04.2023

Бұл - Қостанай облысы. Тінтуір өзені арнасынан асып Железнодорожный ауылында алты үйге су кірді. Үйлерге кірген судың деңгейі 15-20 см-ге дейін жеткен. Баспанасы бүлінген 23 адам қазір ауылдағы туыстарын паналауда. Төтенше жағдайға байланысты мектеп ғимаратын дайындағанымен оған ешкім бармаған. Тасқынның зардабын жою үшін құтқарушылар жұмыс істеп жатыр. Мал-жан аман, жағдай бақылауда, қауіп сейілді дейді аудан әкімі.

Дәуренбек Әбдібек

Хабарламаларға жазылу