Биыл 1916 жылғы ұлт азаттық көтерілісінің басшысы Амангелді Имановтың туғанына 150 жыл. Осыған орай батырдың туған жеріндегі тарихи-өлкентану музейі Астанаға келді. Бұдан бөлек мерейтой аясында түрлі бағыттағы іс-шаралар өткізу жопсарланған. Батырдың 150 жылдығына орай елордада көрме өткізіп жатыр. Халық назарына ұсынылған жәдігелердің ішінде батырдың саусақ ізі қалған домбырасы, сарбаздың қару-жарақтары мен суреттері бар. Тарихи экспонаттардың жалпы саны 400-ге жуықтайды.
Ринат Мұхаметқалиев, Қостанай облысы әкімінің орынбасары:
Осы бір айдан кейін музей өңірлерді аралайды. Елде қалған шаралардың бәрі қыркүйек айына дейін біршама іс-шара жоспарланған. Бұдан басқа мәдени, спорттық объектілерді сол батырдың туған жеріндегі жөндеу және соларды қалпына келтіру жоспарланған.
Шараға батырдың тікелей ұрпақтары да қатысты. Немересі батырдың көзін көргендерден естіген естелігімен бөлісті. Соның төңірегінде шағын кітап жарық көргенін айтты. Ал, суретші шөпшегі Зарина Иманова қаламынан шыққан жеті бірдей туындысын көрмеге қойған.
Батырхан Жұмабай, ұйымдастырушы:
Көрмеде Қостанай облыстық өлкетану мұражайының жәдігерлері, А.Иманов атындағы мемориалдық, Амангелді ауданындағы музейдің жәдігерлері, Арқалық қаласының Ө.Жәнібеков атындағы музейінің жәдігерлері ұсынылған.
Бүгін ашылған көрме мамырдың үшіне дейін жалғаспақ. Бұдан бөлек, жалпы мерейтой аясында 30-дан аса іс-шара өткізу жоспарланған. Соның бірі – «Батырдың биік тұлғасы: тарихы, зерттелуі, ақиқаты» тақырыбындағы респуликалық ғылыми тәжірибелік конференциясы. Мұның бәрі батырдың мерейтойына арналған мәдени шаралардың басы ғана.
Данияр Асылбек