Үкіметте ауыс-түйіс түстен кейін де жалғасты. Үкімет басшысының екі орынбасары жаңадан тағайындалды. Премьер-Министр Кеңсесінің басшысы Ғалымжан Қойшыбаев, бұдан былай Премьер-Министрдің орынбасары, әрі Үкімет Аппаратының Басшысы лауазымына тағайындалды. Сондай-ақ Премьер-министрдің тағы бір орынбасары болып Мұрат Нұртілеу баратын болды. Ол Сыртқы істер министрі лауазымын қоса алып жүреді. Мұрат Нұртілеу бұған дейін Президент Әкімшілігі басшысы лауазымын атқарған болатын. Президент Әкімшілігі басшысы қызметі, енді Олжас Бектеновке жүктелді. Ол күні бүгінге дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы қызметін атқарып келді. Бұдан бөлек, Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр, Қорғаныс министрі Руслан Жақсылық, Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов орнын сақтап қалды.
Асылбек Данияр