Қамыс өртіне байланысты Атыраудағы мектептер онлайн оқуға ауыстырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қамыс өртіне байланысты Атыраудағы мектептер онлайн оқуға ауыстырылды

03.04.2023

Атыраудағы «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты аумағындағы қамыс өртіне байланысты, мектептер мен колледждер шұғыл түрде онлайн оқуға ауыстырылды. Жедел жасақ каспий жағалауындағы қызыл жалынмен әлі де арпалысып жатыр. Қазір аймақтағы тілшіміз Скайппен байланысқа шықпақшы. Жандос, қалаға қауіп төніп тұр ма?

Жандос Темірғали, тілші:

Ақерке, тілсіз жаудан қалаға қауіп жоқ әзірге. Бірақ, ыстың иісі тұрғындардың наразылығын тудырып түр. Сол үшін жаңа біраз жергілікті билік мектептер мен колледждері уақытша онлай оқуға жіберуге мәжбүр болды. Түске дейінгі ауысымның балалары біртіндеп үйлеріне қайтарылып жатыр. Өрт ошағы қаладан 30 шақырым қашықта Каспий жағалауында орналасқан. Қазір оқиға орнында 70 шақты адам мен ондаған техника қызмет етіп жатыр. Соңғы ақпаратқа сай, 82 гектар жердегі қамыс күлге айналды. Ал 7 гектары әлі жанып жатыр. Жағдай әсіресе таңертең күрделі болды. Қаланы қою түтін басып, қозғалыс қиындады. Жел мен батпақ проблеманы ушықтырып тұр. Әзірге өрттің шығу себебі белгісіз.

Жандос Темірғали


Хабарламаларға жазылу