Алматыда оқушылар қашықтан оқуға ауыстырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда оқушылар қашықтан оқуға ауыстырылды

04.10.2023

Алматыдағы мектептердің бірінің бастауыш сынып оқушылары қызылшаның өршуіне байланысты қашықтан оқуға ауыстырылды.

Қалалық білім басқармасының мәліметінше, №172 мектепте төменгі сынып оқушыларының арасында қызылша анықталған. Сондықтан, мектеп ұжымы санитар дәрігерлермен оқушыларды 16-қазанға дейін қашықтан оқыту туралы шешім қабылдаған. Балаларға онлайн білім алу үшін қажет компьютерлік техникамен және интернет-ресурстармен қамтамасыз етілді дейді білім басқармасы. Қала әкімдігі басқа білім ошақтарында жағдай тұрақты екенін хабарлады.


Хабарламаларға жазылу