Санкт-Петербург қаласында болған жарыласта 30 адам зардап шекті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Санкт-Петербург қаласында болған жарыласта 30 адам зардап шекті

03.04.2023

Ресейдің Санкт-Петербург қаласында дәмханада жарылыс болды. Қайтыс болып, жарақат алғандар бар. Ресейден тікелей байланысқа тілшіміз Индира Бегайдар шығып тұр. Индира, оқиғаның мән-жайын тарқатсаң.

Индира Бегайдар, тілші:

Қайырлы таң! Жарылыс кеше кешке Санкт-Петербург қаласының аудандарының бірінде болды. Бір тұрғын қаза тауып, отыз адам жарақат алды. Олардың ішінде 14 жасар қыз бала бар. Алты адамның жағдайы өте ауыр.

Виктор Мельник, Санкт-Петербург қаласының прокуроры:

Жарылыс кафеде патриоттық акцияны өткізу барысында болды. Қолдан жасалған жарылғыш зат кешкі алтыдан он бір минут кеткенде жарылған. Қазір қылмыстық іс қозғалды, күдіктілер іздестірілуде.

Құзырлы органдардың хабарлауынша, жарылысқа 1997 жылғы Санкт-Петербург қаласының тұрғыны қатысты болуы мүмкін. Өйткені ол дәмханаға қолдан жасалған мүсінді алып кіріп, қайтыс болған адамға сыйлаған. Жарылғыш зат сол мүсіннің ішінде болған дейді мамандар. Жалпы осыдан алты жыл бұрын дәл осы күні Санкт-Петербург қаласындағы метрода теракт ұйымдастырылып, 15 адам қаза болған.

Индира Бегайдар

Хабарламаларға жазылу