Жамбыл Жабаевтың есімімен еліміздің бүтіндей бір облысы мен көптеген елді мекендер аталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбыл Жабаевтың есімімен еліміздің бүтіндей бір облысы мен көптеген елді мекендер аталады

22.02.2016
Жамбыл Жабаевтың есімімен еліміздің бүтіндей бір облысы мен көптеген елді мекендер аталады

Ал, қалада оған үлкен ескерткіш орнатылған. Сонымен қатар, Жамбылдың атында көптеген елді мекендер мен даңғылдар, көшелер бар және олар тек Қазақстанда ғана емес әлемнің өзге де көптеген мемлекеттерінде бар. Мысалы Ресейдің Санкт-Петербург қаласындағы  байырғы Лештуков бұрылысы Жамбыл бұрылысы деп аталады, Липецк қаласында да Жамбыл атындағы бұрылыс бар. Ижевскіде көше бұрылысы мен көше бар, Волгоград, Иркутск, Кемеров, Қорған, Нижний Новгород, Новосибирь, Хабаровск қалаларында Жамбыл атындағы көшелер бар. Украинаның астанасы мен Ужгород қаласында Жамбыл көшесі бар.  2002 жылы Санкт-Петербургтегі қазақтың ұлы ақыны Жамбыл Жабаев атындағы  бұрылысқа 4 метрлік қола ескерткіш орнатылды. Бұл   Қазақстанның Санкт-Петербург қаласының 300 жылдығына жасаған сыйы болатын.

Жамбыл Жабаевтың есімі Қазақ Мемлекеттік филармониясына да берілген.  

 

       

 

 

Хабарламаларға жазылу