Атырауда қою түтін сейілмей тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда қою түтін сейілмей тұр

03.04.2023

Атырау облысындағы «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты аумағында кешеден бері қамыс өртеніп жатыр. Осының салдарынан қаланы қою түтін басты. Қорыққа жақын ауылдар ыста қалды. Төтенше жағдайлар департаменті 85 гектар жердегі өскін күлге айналды деп отыр. Қазір арнайы жасақтың 70 шақты адамы мен оннан астам техника қызыл жалынмен күресуде. Тілсіз жау ошағы Каспий теңізі жағалауына жақын орналасқан. Жел мен батпақ өртті сөндіруге қиындық тудырып тұр. Әзірге өрттің шығу себебі белгісіз.

Жандос Темірғали

Хабарламаларға жазылу