Қарағандыда есепшілер тапшылығынан мұғалімдер жалақысын уақытында ала алмай жүр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағандыда есепшілер тапшылығынан мұғалімдер жалақысын уақытында ала алмай жүр

31.03.2023

Қарағанды қаласындағы жиырма білім мекемесінде есепші тапшы. Мәселен, шаһардағы №74 мектеп бухгалтерге жарымай отырғанына бірнеше ай болған. Соның кесірінен мұғалімдерге айлық ай сайын бөліп-жарып берілген. Ал кейбірінің зейнетақы қорына бірнеше жыл бойы төлем аударылмағаны анықталды. Мұны салық органдары да растап отыр. Олар осы мәселе бойынша шағымды қарап, қалалық білім бөліміне 900 мың теңге айыппұл салған.

Лилия Зәрубаева, мұғалім:

Қалалық білім бөлімі мұғалім, кіші жұмысшыларға зейнетақы қорына екі млн. теңге ақша түспегенін анықтап берді. Ипотекадан басқа көлік ала алмаған ұстаздар бар, жеке ақша тұрмыстық қажеттілік алғанда келеңсіздікке тап болды.

Білім бөлімінің есепшілері болса, қаржы қателесіп басқа бағыттарға кеткен дейді. Мысалы, кейбір мектепте кәсіподаққа ай сайын екі рет төлем жүргізіп отырған. Ұжымнан бірнеше рет шағым түскеннен соң мұнда уақытша есепші жіберілген.

Елена Рахимова, қалалық білім бөлімі бас есепшісінің орынбасары:

Бізде кадр тапшылығы өте өзекті тұр. Олардың қолына алатын айлығы 90 мың теңге. Ай сайын ұстаздарға 350-400 мың теңге аударып отырғанын көріп тұрып, аз қаржыға жұмыс істегісі келмейді. Оның үстіне мұғалімдерге айлық республикалық, жергілікті бюджеттен және бірін-бірі алмастыру себепті көптеген есеп-қисаппен келеді. Жұмыс өте ауыр. Көбі шыдай алмай шығып кетеді.

Руслан Нұрланұлы


Хабарламаларға жазылу