Қызылорда облысының әлеуметтік қызметкерлері жалақысын ала алмай жүр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылорда облысының әлеуметтік қызметкерлері жалақысын ала алмай жүр

24.10.2019

Қызылорда облысында сурдоаудармашылар мен әлеуметтік қызметкерлер 4 айдан бері жалақы алмаған. Шиелі ауданындағы 150 маманға берешек қаржы 20 миллион теңге. Еңбек дауының туындауына басты себеп - жыл басында салаға бөлінетін қаржы ең төменгі жалақы деңгейімен есептелген. Бірақ кейін бұл сома өсіп, нәтижесінде мамандардың еңбекақысына бөлінген ақша жетпей қалған. Енді аудан әкімдігі қосымша қаржы көздерін қарастырып, жалақы мәселесін жыл аяғына дейін шешпек.

Талғат Дүйсебаев, облыстық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы:

Кешегі жағдайға байланысты аудандық бюджеттен қосымша 13 миллион теңге қаражат бөлінді. Оның 6 млн 900 мыңы сәйкесінше мекемеге аударылды. Жыл аяғына дейін қайта есептеу жүргізіледі. Толық қаржылары бөлінетін болады.

Әділбек Серікұлы

Хабарламаларға жазылу