АҚШ-та жүк пойызы апатқа ұшырады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-та жүк пойызы апатқа ұшырады

31.03.2023

АҚШ-тың Миннесота штатында жүк пойызы жолдан тайып, өртке оранды. Оның цистерналарына этанол мен жүгері шәрбаты құйылған. Оқиғаға байланысты жақын маңдағы Раймонд қаласының кейбір тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілді. Ешқандай адам жараланған жоқ. Дегенмен, көп кешікпей халықты эвакуациялау туралы бұйрық доғарылған. Өйткені өрт пен химиялық заттан төнген қауіп сейілді. Ақпанда Огайо штатының Шығыс Палестина қаласынының маңында дәл осылай пойыз апатқа ұшырағанда, миллиондаған литр қауіпті материал төгіліп, қоршаған ортаны ластаған. Тағы бір айта кететін жайт, Құрама Штаттарда жыл сайын мыңға жуық пойыз рельстен шығып кетеді.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу