Жамбыл облысында 2 жүк пойызы апатқа ұшырады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбыл облысында 2 жүк пойызы апатқа ұшырады

30.06.2020

Жамбыл облысында екі жүк пойызы апатқа ұшырады. Шоқпар станциясында екі вагон рельстен шығып, арты алапат өртке ұласты. Бір цистернада 60 тонна бензин болған. Сол аударылған кезде бірден қызыл жалынға оранды.  

Биіктігі 10 метрге жуықтаған алау станция мен жақын маңдағы ауыл тұрғындарына қауіп төндірген. Сондықтан 200ден астам адамды шұғыл үйлерінен шығаруға тура келген. Ал мамандар өршіген өртпен шамамен 4 сағат бойы алысып, таңға жуық әзер дегенде ауыздықтады. Тек сол кезде туыстарын жағалап кеткен тұрғындар баспаналарына қайта оралды. Апаттан ешкім зардап шеккен жоқ. Бірақ ұзындығы 75 метр рельстің зақымдалуынан, 10 жолаушы пойызы діттеген жеріне жете алмай жолда тұрып қалды. Оларды үш станцияға бөліп орналастыруға тура келді. Дегенмен кешке тақау қозғалыс қайта жанданды.

Сәбит ӘЛДЕБАЙ


Хабарламаларға жазылу