Үндістанда автобус көпірден құлап, 12 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үндістанда автобус көпірден құлап, 12 адам қаза тапты

21.11.2018

Үндістанда қайғылы оқиға. Талчер қаласынан Каттак қаласына бет алған автобус көпірден сайға құлап, 12 адам қаза тапты. 49 жолаушы жараланып, ауруханаға түскен. Куәгерлердің сөзінше, қозғалыс кезінде автобустың алдына бизон жүгіріп шыққан. Ал, көлік жүргізушісі жануарды қағып өтпес үшін рөлді бұра бергенде, тізгінді басқара алмай, автобус 9 метр биіктіктен сайға құлап кеткен. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар зардап шеккендерді дереу ауруханаға жеткізді.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу