Мемлекет басшысының атына Түркия Президентінен алғыс хат келді
Мемлекет басшысының атына Түркия Президентінен алғыс хат келді. Режеп Таийп Ердоған жер сілкінісіне байланысты елінің қайғысына ортақтасып, көңіл айтқаны, сондай-ақ жедел көмек көрсеткені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа Түркия халқы мен жеке өз атынан алғыс айтқан. «Осындай табиғи апат кезінде достас елдердің жанымыздан табылуы қиындыққа қарсы тұруға күш береді. Қазақстанның жәрдемі жер сілкінісінің ауыр салдарымен күрес кезінде халқымызға зор қолдау болды. Еліңіздің іздестіру-құтқару тобы үйінді астында қалған адамдарды аман сақтап қалу үшін аянбай еңбек етіп, ерік-жігер танытқанын әрдайым ризашылықпен еске аламыз», – деп жазылған алғыс хатта.
Серік Селеубайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия ойындары: қоржындағы медаль саны - 12
22.09.2026, 20:30
Қоқыс өңдеуге 200 млрд теңге бөлінеді
22.09.2026, 20:20
Скринингтен өту қажеттігі туралы хабарлама жіберіледі
22.09.2026, 20:19
Кәсіпкерлерге арналған реестр құрылды
22.09.2026, 20:18
Қайтарылған активтер есебінен екі мектеп бой көтерді
22.09.2026, 20:17
2-4 сынып оқушыларының 4 пәннен білімі тексеріледі
22.09.2026, 20:16
Бүгін БҰҰ Бас Ассамблеясының 81-сессиясы ашылады
22.09.2026, 20:13
PISA-2025: Сандар сөйлейді, нәтиже не дейді?
22.09.2026, 20:12