Мәскеуде қазақ жастары арасында шахматтан турнир өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәскеуде қазақ жастары арасында шахматтан турнир өтті

30.03.2023

Мәскеуде қазақ жастары арасында шахматтан турнир өтті. Оған Қазақстаннан келіп оқып жүрген студенттер, сонымен бірге Омбы, Астрахань, Волгоград қазақтары қатысты. Ресей астанасында мұндай шараларды ай сайын өткізу көзделіп отыр. Бүгінде көрші елде 70 мыңға жуық қазақстандық студент білім алып жүр.

Сұлтан Салауатұлы, қазақ ұлттық ұйымының мүшесі:

40 шақты адам қатысып жатыр. Болашақта одан да көп болады деп ойлаймыз. Өздеріңіз білесіздер, Мәскеуде қазақтар көп. Студенттер, магистранттар бар Қазақстаннан келген. Солар үшін біз соңғы екі жылда көптеген іс-шаралар жасаймыз.

Индира Бегайдар

Хабарламаларға жазылу