Журналистер арасында шахматтан турнир өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Журналистер арасында шахматтан турнир өтті

11.07.2014
Журналистер арасында шахматтан турнир өтті

Бүгін Алматы қаласында Жансая Әбдімәлік атындағы Шахмат академиясында журналистер арасында турнир өтті. Жарыс «Қазақ газеттері» серіктестігіне қарасты қоғамдық-саяси басылым «Ақиқат» журналының жүлдесі үшін екінші рет ұйымдастырылып отыр.

Спорттың бекзада түрі бойынша Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінен 26 журналист сынға түсті. Жас талғамайтын спорттың кәсіби жарысында бірінші орынды «Айқын» газетінің тілшісі Асқар Беков иемденсе, негізгі жарыс бойынша Тілек Әбдірахимовтың мерейі үстем болды.

Ұлттық арнамыздың атынан қатысқан Амангелді Жолманов та жүлдегерлер қатарынан табылып, ноутбук иеленді. Белгілі шахматшы Жансая Әбдімәлік ардагер журналистермен жолдастық кездесу өткізіп, жарасымды ойын көрсетті.

Жұмабек Кенжалин, «Қазақ газеттері» ЖШС-нің бас директоры:

Біздің журналистердің аға ұрпақ пен кейінгі толқын арасындағы рухани сабақтастығына үлкен бір қызмет көрсететін жарыстың түрі ғой, деп есептеймін. Шахмат ақыл-ой мен мінезді қалыптастыратын, алға қарай ұмтылдыратын, жаңа ойға жетелейтін, шабыт оятатын спорттың түрі.   

Нұрлан НАУРЫЗАЛИЕВ

 

Хабарламаларға жазылу