2,5 мың күдікті халықаралық іздеуде жүр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

2,5 мың күдікті халықаралық іздеуде жүр

27.03.2023

Екі жарым мың күдікті халықаралық іздеуде жүр. Бұл туралы Бас прокуратура мәлімдеді. Олардың 400 алаяқтық, 250 ұрлық жасағаны үшін кінәлі деп танылған. Ауыр және аса ауыр қылмыс жасаған 150 күдікті әлі ұсталған жоқ. Қазір шетелдермен ынтымақтастық нәтижесінде 600 күдіктінің жүрген жері анықталған. Олардың көпшілігі Ресей Федерациясы, Америка Құрама Штаттары, Түркия Республикасы, Біріккен Араб Әмірліктері, Қырғыз, Өзбекстан және Украинада жасырынып жүр.

Серік Селеубай

Хабарламаларға жазылу