Алматыда халықаралық іздеуде жүрген екі күдікті ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда халықаралық іздеуде жүрген екі күдікті ұсталды

16.11.2021

Полиция департаментінің мәліметінше, олар тамыз айынан бастап бірнеше ауыр қылмысы үшін халықаралық іздеуде болған. Оның ішінде «Атыс қаруын қолдана отырып жасалған бұзақылық» және «Бұзақылық ниетпен алдын-ала сөз байласу бойынша жасалған кісі өлтіруге оқталу»  сынды айыптар бар. Өткен демалыста Алматы полицейлері күдіктілерді қаланың Түрксіб ауданында ұстады. Олар шет жақта пәтерді жалға алып, бой тасалаған. Екі күдіктіге қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды. 

Хабарламаларға жазылу