Қазақстан мен Украина арасындағы экстрадициялау шартын бекітетін құжат мақұлданды

18.09.2019

Мәжіліс Қазақстан мен Украинаның арасындағы экстрадициялау шартын ратификациялайтын құжатты мақұлдады, екі ел бір-біріне қылмыскерлерді ұстап беруге көмектеспек. Келісім адамдарды қылмыстық қудалау немесе сот үкімін орындау үшін ұстап беру мәселесін реттейді. Құжатқа сәйкес, экстрадиция екі елде қылмыс жасау үшін кемінде 1 жыл бас бостандығынан айыру қарастырылған болса немесе сотталған адамның жазасын өтеу мерзімі 6-10 айдан асса, жүзеге асырылады. Соңғы үш жыл ішінде Украина бізге алты қылмыскерді ұстап берді. Қазіргі уақытта сол мемлекетте іздеуде жүрген тағы алты адам анықталды. Енді оларды елімізге әкелу туралы мәселе қарастырылуда. Қазіргі таңда 2,6 мыңға жуық қазақстандық іздеуде жүр. Олардың арасында 1,5 мыңнан астамы мемлекетаралық, ал 1,2 мыңнан астамы халықаралық деңгейде іздеуде.

Бақытбек Смағұл, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Шарттың 18 бабына сәйкес әрбір тарап өзінің ұлттық заңнамасына сәйкес және өз мүдделеріне нұқсан келтірмей отырып, екінші тарапқа өз аумағы арқылы ұстап беруге рұқсат етіледі. Аса шұғыл жағдайларда Интерпол арқылы сұрау жібереді.

Индира БЕГАЙДАР


Хабарламаларға жазылу