Қарағанды облысындағы өзендерде мұзды жарып жатыр
Ғарыштық мониторинг дерегі бойынша облыс аумағының 60 пайызында әлі қар жатыр. Күн күрт жылынса сай-аладан аққан су арналарға сыймай, маңайындағы елді мекендерге кіру қаупі бар. Сол себепті өзендерде мұз жару жұмыстары үздіксіз жүріп жатыр. Жалпы биылғы көктем өңір үшін қолайлы өтіп жатыр. Түнде ауа температурасы нөлден төмен болса, күндіз жоғары. Қар біртіндеп еріп жатыр. Осыған қарамастан өткен жылдардағы тәжірибеге сүйеніп 140 елдімекен және гидротехникалық нысандар мен жолдар бақылауға алынған.
Мұрат Қатпанов, Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің басшысы:
239 гидротехникалық құрылыс бар, 100-ге жуық жолдағы қауіпті учаскелер бар. Облыс бойынша дайындық жұмыстары аяқталды деуге болады. 60 пайыз қар жатыр деп айтуға болады, оданда аз шығар. Бүгін тағы бір космоснимок аламыз, қар жақсы сіңіп жатыр.
Руслан Нұрланұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астана тұрғындары Шәмші Қалдаяқовтың құрметіне ұйымдастырылған музыкалық челленджге қосылды
15.08.2026, 16:39
«Lotus Fest-2026»: 94 адам Run марафонына қатысты
15.08.2026, 14:07
Smart City жүйесін дамытудың жаңа ережесі бекітілді
14.08.2026, 20:44
«Shaiqas-2026»: Ұлттық әскери-инженерлік чемпионаты өтіп жатыр
14.08.2026, 20:31
Almaty SuperSki жобасын салудың дайындық кезеңі басталды
14.08.2026, 20:27
Имантаудан қола дәуіріне тиесілі қоныс табылды
14.08.2026, 20:25
Әр салада жетістікке жеткен жастар марапатталды
14.08.2026, 20:21
Шетелдік сарапшылар: Құрылтай сайлауының маңызы ерекше
14.08.2026, 20:14